Мәдениет

Жарқын болашаққа жолымыз бір

Бейбітшілік және келісім сарайында XVII «Шаттық-2024» балалар мен жасөспірімдер арасындағы қалалық байқау жеңімпаздарының қатысуымен «Жолымыз бір!» концерті өтті.

«Жолымыз бір!» концерт-манифесі – бұл елордалық өскелең ұрпақтың жаңа бағыты, жаңа қадамы және елімізде болып жатқан оқиғаларды қабылдауы. Бағдарлама мақсаты – жастар бойында адамгершілік, отансүйгіштік, ұлттық-мәдени құндылықтарға деген сезімді қалыптастыру, планетаның табиғаты мен ресурстарына ұқыппен қарау, қоғамды біріктіру.

«Жолымыз бір!» концерт-­манифесінің негізгі бағыты – идеология бағытындағы жұмыс. Концерттегі мәдени бағдарламаның басты құндылықтары – Президентіміздің Ұлттық құрылтайда алға қойған тапсырмалары – тәуелсіздік пен отансүйгіштік, бірлік пен ынтымақ, әділдік пен жауапкершілік, заңдылық пен кәсібилік, шығармашылық пен жаңашылдыққа үндес келуі. Мемлекет басшысының айтуынша, еліміздегі әрбір азамат осы басты құндылықтарды берік ұстануы керек. Президент ұсынған «Адал азамат» ұғымы мұның бәрін түгел қамтиды. Сонымен бірге бұл Әділетті Қазақстан идеясымен үндесіп жатыр.

– Біз жасампаз халық болуымыз қажет, озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға ұмтылуымыз керек. Өнімді еңбек етіп, сапалы білім алып, ортақ мақсатқа жұмыла білуіміз қажет. Сонда болашағы жарқын, қуатты мемлекетті бірге құрамыз, – деді Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде.

Іс-шараның «Біз біртұтас ел бірлігі берік халықпыз» бөлімінде жасампаз еңбек пен бір шаңырақ астына ұлттардың топтасуы, этносаралық толеранттылық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастыруға және бекітуге игі ықпалын тигізетіні туралы лебіздер тыңдалды.

«Мәдениеттің бастауы» бөлімінде жас суретшілер балаларды ұлттық мәде­ниет бастауларымен таныстыру арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудың маңызды аспектісі екенін көрсетті.

«Экологияны өзіңіздің жеке миссияңызға айналдырыңыз» бөлімінде балалар табиғаттың сұлу көрінісіне, әр адам қоршаған әлемнің ажырамас құндылығы екеніне назар аударды.

Финал аккорды – «Жолымыз бір!» музыка-хореография қойылымы. Онда жас қатысушылар бірегей көркемдік тәжірибе, ерекше сахналық қойылым, ерекше хореография нөмірлері арқылы бірлікке, ынтымаққа, болашаққа, берекеге, бейбітшілікке апарар жол бір екенін еске салды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button