Мәдениет

Астана тарихымен таныстырды

Ұлттық музейдің 10 жылдығына арналған «Жұлдызды гид» шоу­-жобасына көрнекті композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Астана қаласының Құрметті азаматы Төлеген Мұхамеджанов пен Қазақстанның және Татарстанның Халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Нұржамал Үсенбаева қатысып, музей қонақтарына «Астана» залы бойынша экскурсия жүргізді.

Ілгері «Ұлттық музейге сый тарту» акциясы аясында Төлеген Мұхамеджанұлы мен Нұржамал Пернебекқызы жоғары дәрежелі мемлекеттік марапаттары мен құжаттарын, сахналық киімдерін тапсырған еді. Осы жәдігерлер жұртшылық назарына ұсынылды. «Астана» залында «Жұлдызды гидтер» тәуелсіз Қазақстан астанасының құрылуы, қалыптасуы мен даму тарихын бейнелейтін маңызды нормативтік-құқықтық актілер, жәдігерлер, фотоқұжат материалдарының жинағы туралы айтып берді. Ерке Есіл жағасына елорданың орнығуына Төлеген Мұхмеджанов үлкен үлес қосқанын атап өту керек. Себебі ол 1998-2004 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары болды.

Іс-шара шағын шығармашылық концертке ұласып, ерлі-зайыпты өнерпаздар халыққа кең тарал­ған шығармаларын орындады. Төлеген Мұхамеджановтың туындылары бойынша тапқыр­лық көрсеткен көрермендерге композитордың шығармалар жинақтары мен дискілері сыйға тартылды.

Тағыда

Гүлшат Сапарқызы

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі, ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button