Қала мен Сала

Жастарға арналған семинар

Елорданың студент жастарына арналған репродуктивті денсаулық бойынша семинар өтті. Семинарды қалалық Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма мен әкімдік жанында­ғы әйелдер істері және отбасы-демография саясаты жөніндегі комиссия ұйымдастырды.

Қала бойынша «Astana Poly­technic» жоғары колледжі, Астана қаласы жоғарғы көлік және коммуникация колледжі, М.Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясының Ақмола колледжі, «Тұран-Астана» университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде өткен семинарда жоғарғы санатты дәрігер акушер-­гинекологтар дәріс оқыды. Мамандар жастардың репродуктивті денсаулығы, жыныстық жолмен берілетін аурулар, отбасын жоспарлау, жасөспірім жастағы жүктілік мәселелері жайында айтты. Іс-шараның мақсаты – студенттерге репродуктивті денсаулық туралы жан-жақты ақпарат беріп, көке­йінде жүрген сұрақтарға жауап беру.

– Біріншіден, балалардың алдында барлық мәселені ашық айту керек. Екіншіден, ер бала мен қыз баланың арасындағы қарым-қатынас, олардың жауапкершілік алуы секілді тақырыптар қозғалуы қажет. Қазіргі кезде жастардың бәрі көзі ашық, көкірегі ояу әрі сауатты, білімді. Сонда да білікті мамандардан нақты мәселелер тұрғысында неғұрлым дұрыс әрі мол ақпарат алып, көп айтса, өмірде кездескен қиындықты еңсере алады. Негізінен, бұл тақырыпты үйде балаға ашық айтып үйрете бастау керек. Мұндай отырыстарды айына бір рет ұйымдастырып тұрған жөн. Өйт­кені жиі болған сайын оның пайдасы да көбірек болады. Ал бұл тақырып жабық болса, жастардың да қызығушылығы арта береді, – деді дәрігер-педиатр Гүлнәр Кулушева.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button