Қала мен Сала

Соғыс және тыл ардагерлерімен кездесті

Мамыр айының алғашқы күндері Астанада Байқоңыр ауданы бойынша Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында Ұлы Жеңіс мерекесіне орай «Әлия – соғыс құрбаны» атты әдеби-танымдық іс-шара өтті. Іс-шараға қала зейнеткерлері мен Ж. Жабаев атындағы мектептің оқушылары қатысты.

Әдеби-танымдық кеш Мемлекеттік әнұранды орындаумен басталып, жиналғандарға қазақтың батыр қызы – Әлия Молдағұлованың ерлік істері туралы фильмнен үзінді көрсетілді. Аталған кештің қонағы – Астана қаласында тұратын соғыс ардагері Абидолла Әшімов пен тыл еңбеккері Григорий Шишов болды. Соғыс және тыл ардагерлерімен өткен кездесу кешінде Астана қаласының қадірлі зейнеткері, ардагерлер кеңесінің мүшесі Қаршыға Кішкентаев «Дорогами победы» атты кітабын Орталықтың кітапханасына сыйға тартты. Кездесуге келген мектеп оқушылары майдангер ағаларымыздың естелік әңгімелерін тыңдап, олардың ерлік істерін үлгі тұтатынын айтты. «Бүгінгі кештің балалар үшін тәрбиелік мәні зор болды.

Оқушылардың бойына отансүйгіштік сезімдерін ұялату үшін зейнеткерлер тарапынан осы кездесу кешін ұйымдастырып отырмыз. Ұстаздары Динара Қалдыбайқызы бастап келген мектеп ұжымына алғыс білдіреміз. Екі буын өкілдері арасында ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру үшін біздің Орталыққа бас сұғып тұрса жақсы болар еді» – деп сөзін түйіндеді Орталықтың мәдени ұйымдастырушы Бақыт Байманова. Мектептің бастауыш сынып оқушысы Әмина Сержанқызы М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін мәнерлеп оқып берсе, өнерлі оқушылардың бірі Нұрали Асқарұлы «Алаш аманаты» күйін орындады. Өнерпаз оқушыларға Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының тіл маманы Маржан Пірімбетова өзінің авторлық кітабын сыйға тартты. Кездесу соныңда қонақтар мен мектеп оқушылары естелік суретке түсіп, Орталықтың ғимаратына саяхат жасады.

Меруерт Қайыртасқызы

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button