Ел тынысы

«Robotek Grand Tournament 2024» өз мәресіне жетті

«Robotek Grand Tournament 2024» робототехника бойынша халықаралық чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Астанада Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының базасында 2 мамырда басталған чемпионатқа еліміздің барлық облыстары мен республикалық маңызы бар қалаларынан ең мықты 127 команда және Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен 18 үміткер қатысты.
Жарыстың екінші күнінде қатысушылар үш санат : «Мерген» (жоғары санат), «Роботек», «Туды жеткізу» бойынша бақ сынады. Жеңімпаздар реті келесідей:
«Роботек» санатында:
І орын – Кызылорда облысы, Кызылорда қаласының командасы;
ІІ орын – Абай облысы, Жарма ауданының командасы;
ІІІ орын – Жетісу обласы, Талдықорған қаласының командасы.
«Мерген» (жоғары санат) санатында:
І орын – Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласының командасы;
ІІ орын – Павлодар облысы, Баянауыл ауданының командасы;
ІІІ орын – Қызылордп облысы, Қызылорда қаласының командасы.
«Туды жеткізу» санатында:
І орын – Түркістан облысы, Кентау қаласының командасы
ІІ орын – Өзбекстан Республикасы, Чирчик қаласының командасы;
ІІІ орын – Қызылорда облысы, Қызылорда қаласының командасы.
Екі күнге жоспарланған «Robotek Grand Tournament 2024» робототехникадан оқушылар арасындағы халықаралық чемпионаты ең танымал 7 санат бойынша өтті. Қатысушылар жарыстың бірінші күні «Мерген» (кіші санат), «Инверстік сызық бойымен жарыс», «Жеткізуші робот», «Сұрыптаушы робот» санаттары бойынша, екінші күні «Мерген» (жоғары санат), «Роботек», «Туды жеткізу» санаттары бойынша берілген әрекеттерді орындауға қабілетті роботты құрастырудан сайысты.
Чемпионат қорытындысы бойынша 7 санатпен қатар 4 арнайы номинация бойынша жеңімпаздар анықталды. Нәтижесінде «Үздік ауыл командасы» кубогын өз санатында ең көп ұпай жинаған Жетісу облысы, Аксу ауданының «VertuALL» командасы, «Үздік шетелдік команда» кубогын Өзбекстан Республикасының «SteamLand» командасы, «Үздік инженерлік шешім» кубогын Түркістан облысының «The Best» командасы иеленсе, чемпионаттың ең негізігі кубогы «Ел кубогын» командалық есепте ең көп ұпай жинаған Батыс Қазақстан облысыныңкомандасы жеңіп алды.
Робототехника құрастыруда ерекшеленген Абай облысы, Үржар ауданының жас инженері, 11 сынып оқушысы Слямғазы Мирас Қазақстан-Британ Техникалық университеті тағайындаған арнайы оқу грантынның иегері атанды. Грантты Қазақстан-Британ Техникалық университеті Инженерия және ақпараттық технологиялар мектебінің деканы Мухамедгали Адиль салтанатты түрде тапсырды.
Сонымен қатар чемпионат аясында өткізілген SOCIAL MEDIA CHALLENGE-дің қорытындысы бойынша Нұрдәулет, Әлихан (Instagram-дағы лақап аты @alfiya_bolatovna_) есімді қатысушылар жеңімпаз атанып, «Яндекс Мини» колонкасын ұтып алды.
Тартысқа толы екі күн ішінде қатысушы командалар өз дағдыларын, білімдері мен таланттарын, тапқырлықтары мен қырағылықтарын көрсетті.
Чемпионаттың ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Астана қаласы әкімдігінің «Астана дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Robotek» робототехника мектебі.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button