Ел тынысы

Жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді

Астана қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті аудандық СЭБ басқармаларының мамандары үшін жалпыға бірдей құқықтық оқыту өткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Әкімшілік құқық бұзушылықтар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық және олардың көріністері туралы заңнама талаптарын бұзудың алдын алу және ескерту мақсатында өткен іс-шара «Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбын арналды.
Құқықтық жалпы оқыту барысында мамандарға Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің негізгі талаптары түсіндірілді. Сондай-ақ олар әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде жіберілген нақты қателіктер таныстырылды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде туындайтын, олар бойынша уақтылы шешімдер қабылдауды қиындататын проблемалық мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ, аудандық басқармалар басшыларының назары мамандармен әкімшілік құқық бұзушылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау бойынша тұрақты жұмыс істеу қажеттілігіне аударылды.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button