Құқық

Бұзақылықтың алдын алады

Астанада вандализмге қарсы «Тоқтал, вандал!» акциясы өтті. Іс-шараның өтуіне Байқоңыр ауданы әкімдігі, қалалық Полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасы, Жастар саясаты мәселелері басқармасы және «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының волонтерлері ұйытқы болды.

Акция қала мүлкін қорғауға, қо­ғамдық орындарда тәртіпті сақтауға бағытталды. Бөтеннің мүлкін қасақана бүлдіру әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады. Вандализм жасағандар жазасыз қалмайды.

«Вандализм қоғам мүлкіне зиян тигізу ғана емес, тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығына қауіп төндіретінін ескерген жөн. Бұл акция қоғамдық мүліктің бүлінуіне жол бермеуді, сондай-ақ азаматтардың санасы мен жауапкершілігін арттыруды насихаттайды. Жалпы әрбір азамат қала тазалығына немқұрайды қарамауы қажет. Әсіресе жастар вандализм әрекетінің алдын алып, таза әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға атсалысқаны дұрыс» деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының маманы Сұлтан Өмірғалиев.

Акция қалада дәстүрлі түрде волонтерлердің қатысуымен өтеді. Солардың бірі Ерасыл Төленді мұндай іс-шараға үнемі атсалысатынын ­айтты.

«Саябақтар, аулалар, көшелердегі мүлікті бүлдіретін бұзақылықтың алдын алу бойынша тұрақты негізде Астанада алдын алу бойынша жұмыс жүреді. Оның барысында есірткіні жасырын, бүркемелеп насихаттауға тырысатын көше жарнамалары жойылады. Нашақорлардың көбейе түсуіне есірткіні таратушы мен сатушылардың, насихаттаушылардың үлесі мол. Соңғы кездері оған жасөспірімдер тарапынан қызығушылық байқалады. Сондықтан осындай акция барысында жастарды бұзақылыққа қарсы тұруға шақырамыз» деді волонтер.

 

Тағыда

Индира Бержанова

«Астана ақшамы» газетінің тілшісі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button