Мәдениет

Төрт томның тұсауы кесілді

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада ақын, сатирик, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Өріс Яшүкірқызының 75 жылдығына арналған шығармашылық кеші және 4 томдық шығармалар жинағының таныстырылымы өтті.

Автордың «Боямасыз өмір» әңгімелер жинағы, «Сексеуілдің шоғы» өлеңдер жинағы, «Шенеунікше тактика» әзіл-сықақ, сатиралық әңгімелер жинағы, «Қараша қаздың қаңқылы» өлеңдер жинағы кезінде оқырман тарапынан лайықты бағасын алды.

Мерейтойлық шарада өлең, проза, сатира, детектив сияқ­ты төрт жанрда бірдей қалам тартқан қаламгердің руханият­қа қосқан үлесі жа­йында айтылды. Жазушы Шәрбану Бейсенова: «Мен 1998 жылы Астанаға дәм тартып көшіп келгенде, Орекең «Астана ақшамы» газетінде істеп жүрді. Орекеңнің әрбір мақаласын сүйсініп оқитын едім, менің есімде қалғаны, бағанаға шығып токқа түскен жігіт туралы жазған мақаласы бар-ды, сол қайғылы оқиға сондай бір мейір­бан жүрекпен жазылғандықтан ерекше әсер еткен. Артынан сол жігіттің атына есеп ашып, көмек ұйым­дастыру керек деп акция жасалды. Бұл кісінің жазғандарында жанашырлық, әділдік жағы басым болатын» деп жылы пікір айтты. Сондай-ақ Әлібек Асқаров кезінде бір министрлікте жұмыс істеген кезінен естеліктерге тоқталып, Толымбек Әбдірайым, Жолтай Әлмашұлы, Камал Әлпейісова, тағы басқа қаламгерлер лебіз білдірді.

Жиынды жүргізген ақын Дәулеткерей Кәпұлы Қазақстан Жазушылар одағының басқарма басшысы Мереке Құлкеновтің Өріс Яшүкірқызына арнаған құт­тықтауын оқып, мерей­той иесіне «Қазақстанның құрметті жазушысы» атағы берілгенін хабарлап, Жазушылар одағының шапанын жапты.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button