Ел тынысы

15 автобустың қозғалыс схемасы өзгерді

«City Transportation Systems» компаниясы 15 маршруттың қозғалыс схемасына өзгеріс енгізілгені туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Құрметті Астана қаласының тұрғындары мен қонақтары!

 4 шілдеде № 3, 4, 4А, 14, 19, 40, 21, 29, 29А, 32, 43, 50, 66, 84, 202 бағдарлардың сызбасы уақытша өзгереді.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті күндері қоғамдық көліктер әдеттегідей жұмыс істейді. Жұмыс уақыты 06:00-ден 23:30-ға дейін.

Сондай-ақ жолаушылар көлігінің қозғалысын шектеу шаралары «Тәуелсіздік сарайы» алаңының Тәуелсіздік даңғылында – Ж.Нәжімеденов – А.Байтұрсынов – Қ.Аманжолов көшелерінде жүргізіледі.

Аталған бағыттардың өзгертілген сызбаларын @cts_kz Instagram аккаунтындағы Taplink-тен қарауға болады», делінген хабарламада.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button