Ел тынысы

Психологиялық қолдау орталықтары ашылды

Қазақстанда әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі жаңа заң күшіне енбек. Осыған орай  тексеру нысанын алдын ала ескертпестен балалар орналасқан барлық нысандарға жоспардан тыс тексерулер жүргізу мүмкіндігі енгізіледі. Сонымен қатар елімізде 15 өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Бұл туралы ҚР ОАМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина атап өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Спикердің айтуынша, аталған орталықтарға алдын алу және көмек көрсету функциялары жүктеледі. Заңмен әкімдердің орталықтарды ашу құзыреті бекітілген. Еліміздің әр өңірінде психологиялық қолдау орталығын ашу бойынша жұмыс Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүргізілуде. Орталықтар өңірдің психологиялық көмегі мен психологиялық қызметтерін үйлестірудің өңірлік хабына айналады. Мұндай орталықтар Астана қаласында да ашылуда.

Ю. Овечкина сонымен қатар «Бала құқықтары туралы» Заңның жеке тарауы Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілдердің функцияларын заңнамалық тұрғыдан бекітуге арналғанын жеткізді.

-Қазіргі таңда еліміздің 20 өңірінде өңірлік уәкілдер жұмыс істейді. Бірақ заңның негізінде олардың Бала құқықтары жөніндегі бас уәкілдің заңнамалық функцияларына ұқсас заңнамалық функциялары бекітіледі, – деп толықтырды сөзін спикер.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button