Ел тынысы

Сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізілмек

Елімізде сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізілетін болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Осы мақсатта Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта «Сот-сексологиялық сараптама» түрі бойынша әдістеме әзірленуде.

Бұл туралы Әділет министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли бүгін өткен кезекті баспасөз маслихатында хабарлады.

Өз баяндамасында ол әділет органдары тарапынан атқарып жатқан жұмыстармен таныстырды. Соның ішінде зияткерлік меншік және оны тіркеу, селекциялық жетістіктер, Марракеш шартын ратификациялау туралы Заң жобасы, жаңадан патенттелген өнертабыстар туралы айтты. Одан бөлек, сот-сараптама қызметіне қатысты, синтетикалық есірткілемен күрес туралы, алимент өндіріп алу жөніндегі қызмет жайлы, цифрландыру, оның ішінде нотариаттық қызмет бойынша сәтті іске асырылған «Цифрлық нотариат» жобасына тоқталды. Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау туралы, алаяқтық фактілер бойынша ақпараттармен бөлісті.

«Елімізде сот-сараптамасының «Сот-сексологиялық сараптама» деген жаңа түрі енгізілетін болады. Халықаралық тәжірибені талдай келе соңғы кездері сексуалдық сипаттағы қылмыстар санының артуына байланысты Әділет министрлігі зерттеудің жаңа түрі «Сот-сексологиялық сараптаманы» енгізу бойынша жұмыстарды бастады. Яғни қарапайым тілмен айтқанда сараптама тексерілушінің жыныстық/психосексуалдық дамуда қандай да бір ауытқулардың бар немесе жоқтығы, ауытқулар байқалса, олар не білдіреді?, Педофилдерді анықтау, тексерілушіге химиялық кастрация қажет пе жоқ па деген сұрақтарға жауап береді. Осы жобаны іске асыру мақсатында Астана қаласының Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығының 3 сот сарапшысы Беларусь Республикасында оқудан өтті. Қазіргі уақытта «Сот-сексологиялық сараптама» түрі бойынша әдістеме әзірленуде», – деді ол.

Оның айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап синтетикалық есірткілерді анықтау бойынша сараптама жүргізу мерзімдерін кезең-кезеңімен 30-дан 5 тәулікке дейін төмендету көзделген. Синтетикалық есірткілерді сараптау сұранысы жылдан жылға өсімдік тектес есірткілерді сараптаудан санынан артып келеді. Бұл сараптаманы өткізу үшін заманауи жоғары технологиялық жабдықтар мен әдістерді қолдану қажет. Осы мақсатта сот сараптамасы органдарына биылғы жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі уақытқа дейін 900-ден астам сараптама тағайындалды, оның 80% – дан астамы 5 тәулікке дейінгі мерзімінде орындалды. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізуге қазіргі заманғы есірткінің барлық түрлерін, соның ішінде синтетикалық препараттарды анықтауға мүмкіндік беретін жоғары тиімді жабдықты сатып алу арқылы мүмкін болды.

«2023 жылдың соңында Сот сараптамалары ғылыми-практикалық орталығы биологиялық ортада есірткі және психотроптық заттардың барын анықтауға бағытталған сараптамалық зерттеулер жүргізу үшін заманауи жоғары сезімтал аппарат сатып алынды. Қазақстан Республикасында бұл психоактивті заттардың, оның ішінде биологиялық ортадағы синтетикалық және дизайнерлік препараттардың барлық спектрін анықтауға мүмкіндігі бар жалғыз зертхана.

2024 жылға зертханалық жабдықты сатып алу үшін Республикалық бюджет қаражаты есебінен 3 млрд 996 млн 126 мың теңге бөлінді. Жабдықты жеткізу ағымдағы жылдың соңына дейін жүзеге асырылады. Аталған жабдықтардан екі рентген-флуоресцентті спектрометр жеткізілді (Қарағанды облысы және Астана қаласы бойынша сот сараптамалары институттарына). Сонымен қатар, Әділет министрлігінің өз қаражаты есебінен есіркі құралдары мен психотропты заттарды сапалы және санды зерттеу мақсатында 8 газ хроматографы сатып алынды. Осы бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады», – деді Талғат Уәли.

Сондай-ақ, ресми өкіл Әділет министрлігі әділет органдары салаларын цифрландыру мәселелеріне ерекше назар аударып отырғанын жеткізді. Мұндағы бірінші жоба – «Жылжымайтын мүлік объектілері бойынша мәмілелерді онлайн жасау».

«Енді қазақстандықтар тұрғын үйді халыққа қызмет көрсету орталығына және нотариусқа бармастан онлайн-режимде сатып алып, сата алады. Мәміленің нәтижесі 8 сағаттан аспай келеді, ал тіркеу – небәрі 10 минутты құрайды. Әділет министрлігі Freedom банкпен бірлесіп жылжымайтын мүлікті онлайн қайта тіркеу бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жеріне қарамастан мемлекеттік тіркеуге құжаттарды тапсыру мүмкіндігі пайда болды», – дейді ол.

Сондай-ақ, оның айтуынша, жылжымайтын мүлікке құқықтар 2015 жылдан бастап электрондық форматта ресімделуі тиіс. Айта кететін жайт, алғашқы кезеңде сатып алынатын тұрғын үйдің ең жоғары құны 50 миллион теңгені құрайды және пилоттық жоба Астана, Алматы қалаларында іске асырылуда. Кейін осы сервиске Қазақстанның басқа да өңірлерін қосу және тұрғын үйдің құнын одан әрі көбейту бойынша жұмыстарды жүргізу жоспарлануда.

 

 

Сурет: Zakon.kz

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button