Ел тынысы

16 автобустың бағыты өзгерді

20 маусымда елордадағы жол жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше автобус бағытына өзгеріс енгізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz/

«Қалалық көлік жүйелері» ЖШС баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін таңертең жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін No16, 39, 120, 120А бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгертілген. Осыған байланысты қала қонақтары мен тұрғындарға сапарды алдын ала жоспарлауды ескертті.

– 20 маусымға қараған түні No 10, 27, 37, 49, 51, 53, 60, 201, 302, 303, 308, 309 бағдарларының қозғалыс кестесіне уақытша өзгеріс енгізілді, – делінген City Transportation Systems компаниясының мәлімдемесінде.  

Еске сала кетейік, бұған дейін Астанада 30 шақты автобустың жүретін жолы өзгерген болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button