Ел тынысы

1818: Astana Hub колл-орталығының нөмірі жаңарды



Astana Hub компаниясының бірыңғай колл-орталығының телефон нөмірі жаңартылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қоңырау саны артқандықтан және технопаркпен неғұрлым қолайлы өзара байланыс орнату үшін Astana Hub компаниясы консультациялық кеңестер ұсынатын байланыс нөмірін өзгертті. Бірыңғай колл-орталығының бұрынғы 2222 уақытша нөмірі ауысып, орнына 1818 тұрақты нөмірі бекітілді.

Astana Hub-тың білім беру және түрлі акселерациялық бағдарламалары Қазақстанда ғана емес, шетелде де сұранысқа ие.  Осы себепті, бизнесін Қазақстан аймағына көшіргісі келетіндер, жаңа дағдыны игеруге ұмтылатын жастар мен өз жобасын халықаралық нарыққа шығарғысы келетін кәсіпкерлер технопарк колл-орталығына жүгініп, қажетті кеңес ала алады.

«Басты мақсатымыз – Astana Hub-тың барлық қатысушысын мейілінше жайлы әрі ыңғайлылы сервиспен қамтамасыз ету. Сондықтан осы процесстерді жақсарту үшін ұдайы жұмыс істейміз. Бұрын колл-орталық нөмірі уақытша болса, қазір тұрақты нөмірге көшетін уақыт келді. Осылайша, қатысушылармен және экожүйеге мүдделі барлық адаммен орнықты әрі тиімді байланысты қамтамасыз ете аламыз», – деді Әзиз Тілеумұратов, Astana Hub басқарушы директоры.

2021 жылдан бері байланыс орталығына 180 мыңға жуық қоңырау түсіп, барлығы сәтті өңделді. Пайдаланушылар жүгінетін мәселелер негізінен салықтық преференцияларға, акселерациялық бағдарламалар шарттарына, технопарк қатысушысы болу рәсімдеріне, кеңселерді жалға алу мәселелеріне, оқыту курстарына, Қазақстанда компания ашуға және Tech Orda бағдарламасына қатысты.

Тиімділікті арттыру және байланысты оңтайландыру үшін технопаркте Қатысушыларды қолдау офисі жұмыс істейді, оның міндеттерінің біріне колл-орталық жұмысын үйлестіру жатады. Колл-орталық технопарк қызметінің барлық бағыты бойынша кеңес беріп, қоңырауларды тіркейді. Әр сұрау түрін айқындап, өтініш берушілер мен қатысушыларға ақпараттық-консультациялық қолдау көрсетеді. Пайдаланушыларға қосымша мәлімет қажет болса, Astana Hub-тың тиісті офисімен байланыстырады. Сондай-ақ кіріс сұрауларын өңдеу ережелерінің сақталуын назарға алып, хабарласқан тұлғалардың қанағаттану деңгейі туралы кері байланыс орнатады.

Astana Hub колл-орталығына пайдаланушылар жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін 1818 бірыңғай нөмірі бойынша жүгіне алады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button