Елорда тынысы

Мектеп салуда рекордты көрсеткішке жетпек

Биыл елорда мектептерін 11230 түлек бітіріп шықты. «Соңғы қоңырау» салтанаты тек түлектер үшін ғана ұйымдастырылды. Түлектерге арналған мемлекеттік қорытынды емтихандар 28 мамыр-11 маусым аралығында 5 пән бойынша өтеді. Орта білімі туралы аттестаттар 14 маусымда тапсырылады. Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек оқушыларды, ата-аналар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ел­ордада жүріп жатқан мектептер құрылысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Қала әкімі жыл са­йын 1-сыныпқа 20 мыңнан астам оқушы келетінін ескерсек, жаңа мектептер саны бірнеше есеге артатынын айтты.

-Қазір біз 100 мыңға жуық оқушы орнына арналған 32 мектептің құрылысын жүргізіп жатырмыз. Оның ішінде жыл соңына дейін мектептердің рекордты санының құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 64 мыңға жуық оқушыға арналған 23 мектеп (екі ауысымды). Ал «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында – 15 мектеп (Есіл – 6, Нұра – 4, Алматы – 3, Сарыарқа – 2), тағы 5 мемлекеттік мектеп (Нұра – 2, Байқоңыр – 2, Алматы – 1), 3 жекеменшік (Есіл – 2, Алматы – 1) салынады, деді әкім.

Жаңа оқу жылының басында 32 мыңға жуық оқушы орнына (екі ауысымда) арналған 12 мектептің құрылысын аяқтауды жоспарлап отырмыз. Олар – «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы 8 мектеп, атап айтқанда, Есіл ауданы – бір ауысымды 7800 оқушыға арналған 3 мектеп – Орынбор көшесі және №37 «Soho» ТК, Мәңгілік ел даңғылы және Е497 көшесі, Қабанбай батыр және Сығанақ көшелері, «Поколение» ТК; Нұра ауданы – 4000 оқушыға арналған бір ауысымды 2 мектеп – Төле би көшесі мен 57-учаске қиылысы («Зеленый квартал» ТК), Е127, Е368, Е418, Е535 көшесі (Қорғалжын тасжолы ауданы); Сарыарқа ауданы – 4000 оқушы орнына арналған бір ауысымды 2 мектеп – С189 көшесі мен «Земляничная» саяжай алабы, Көктал елді мекені; Алматы ауданы – 600 оқушыға арналған бір ауысымды 1 мектеп (А.Байтұрсынұлы көшесі, №9). Байқоңыр және Нұра аудандарында тағы 3 мемлекеттік мектеп: Байқоңыр ауданында №12 мектеп және №27 мектеп-лицей аумағында қосымша жаңа ғимарат, сол сияқты Нұра ауданының №17 мектеп-гимназия аумағындағы жаңа қосымша ғимарат. Сондай-ақ Есіл ауданында Ұлы дала даңғылында («Арнау» ТК) тағы бір жеке мектеп ашылады.

Осылайша, 23 жаңа мектеп арқылы 6 мектепте үш ауысымды оқу мәселесін, тағы 9 мектепте шамадан тыс режимі мәселесін шешуді жоспарланып отыр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button