Мәдениет

«400 тәтті тақпақ»



Астанада өтіп жатқан «Eurasian Book Fair-2023» көрмесі аясында Баянғали Әлімжанов­тің «400 тәтті тақпақ» атты балаларға арналған жаңа жинағының тұсауы кесілді.

Көлемі 128 беттен тұратын бұл кітапта әртүрлі тақырыптар қамтылған. Қазақтың тыйым сөздерін пайдалана отырып жазылған, қыстырма суреттер қоса берілген жинақ балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттырып қана қоймай, еңбекқорлыққа баулиды. «Жинақ ата-аналарға, балабақша тәрбиешілеріне және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған таптырмас көмекші құрал» дейді туынды авторы.

– «400 тәтті тақпақ» кітабының ерекшелігі балаларға қажетті барлық тақырыптар қамтылған деуге болады. Отбасы, Отан, мектеп, т.б. Бұл – балалар үшін рухани азық. Бастауыштан бастап 5-сыныпқа дейінгі балалар оқи алады. Сондай-ақ бұл жинақ – ата-аналарға, балабақша тәрбие­шілеріне, бастауыш мектеп мұғалімдеріне таптырмайтын көмекші құрал. Ана тілімізді балалардың санасына сіңіріп, оның қасиетін сезініп өсуіне өте пайдалы кітап, – дейді ақын, драматург, жыршы-жырау, манасшы Баянғали Әлімжанов.

Жинаққа енгізілген өлеңдер ұғымға жеңіл, жаттауға ыңғайлы, ойда тез қалады. Әр шумақтан ұлттық тәлім-тәрбиенің иісі бұрқырап тұр.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button