Елорда тынысы

70-тен астам көше жөнделеді



Астанада ауа райының жылынуымен жол жөндеу жұмысы басталды. Жөндеу жұмысы кезінде көше учаскелері ішінара жабылады. Қазіргі уақытта елордада 10-ға жуық көше учаскесіне жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Олардың қатарында Панфилов, Кенжин көшелері, Жеңіс даңғылы, Жұмбақтас тұйық көшесі және басқалары бар. Мұнда қоз­ғалыс ішінара немесе толығымен шектелген.

Биыл жалпы ұзындығы 54,3 шақырым болатын 72 көшеге орташа жөндеу жүргізу жоспарланып отыр, оның 44-і – ұзындығы 40 шақырым болатын орталық көшелер, 28-і қаланың елді мекендерінде орналасқан. Мәселен, әл-Фараби даңғылы Алаш көпірінен Пушкин көшесіне дейін, Уәлиханов көшесі Бөгенбай батыр даңғылынан Кравцов көшесіне дейін, Ш.Құдайбердіұлы даңғылы Мұстафин көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейін, «Тұлпар» көпірі, Тұран даңғылы Қорғалжын көшесінен Сарайшық көшесіне дейін және т. б. учаскеде жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар, биыл елордада ұзындығы 13 шақырым болатын 31 көше салынады, 4 көше бойынша жұмыс толық көлемде аяқталады, 19 көше бойынша жалғасады, тағы 8 көшеде жөндеу жұмысы енді басталады.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Пікір үстеу

Back to top button