Ел тынысы

8 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталы ашылады



Қазақстанда алғаш рет 8 тілде таралатын «Мәдениет» онлайн-порталын іске қосылады.  Жаңа портал арқылы мәдени құндылықтарымыз қазақстандық қана емес, шет ел аудиториясына насихатталады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева министрліктің кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді.

-Еліміздің мәдени саласында шешілмеген дүние көп, бірақ бұл бізде толыққанды қалыптасқан, өзінің бай мұрасы, елге көрсетер тәлім-тәрбиесі, мақтанышпен айтар әңгімесі бар төл мәдениет жоқ деген сөз емес. Біз барымызды ұқсатып, жоғымызды жаңғыртып, ең алдымен, өз халқымызға, сосын сыртқы жұртқа ұсынуымыз керек. Өздеріңіз білесіздер, қазір ақпараттық заман. Мәдени құндылығымызды тек мұражай, театр, концерттерге шақыруымен, көрмелер мен турлар ұйымдастырумен шектемеуіміз қажет, – деді спикер.

Порталдың негізгі міндеті – әрбір қызығушы үйден шықпай, төл мәдениетіміздің барлық сай-саласын аралауға – музей, кітапхана, театр, ұлттық кино, көрмелер, рухани қорықтар, ұлттық музыканың алтын қоры мен заманауи әуездің жаңа үлгілерімен танысуға жағдай жасау.

Бұндай жобалар әлемдік тәжірибеде өз тиімділігін баяғыда-ақ көрсеткен. Мәселен, күніне 50 мың адам кіретін «Лувр» музейі онлайн кеңістікте 10 млн. «виртуалды туристерді» қабылдайды.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button