Ел тынысы

Әйел адам көлік ұрлап айдап кеткен



Астанада өзгенің көлігін заңсыз айдап кеткен күдікті қолға түсті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Ол әйел адам болып шықты.

Байқоңыр аудандық полиция басқармасына бір қала тұрғыны арызданып, Seat Toleda автокөлігінің ұрланғанын хабарлаған. Иесінің айтуынша, ол үйіне келіп көлігін көрші аулаға қойған. Бірақ, көлік кілтін құлыптан алуды ұмытып кеткен екен.

Елордалық полицейлер бірден ұрланған көлікті іздестіруге және ұрыны ұстауға жұмылдырылды. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 32 жастағы әйел адамды анықтады.

Камераларды қарап отырып, тәртіп сақшылары ұрының ізіне түскен. Анықтай келгенде көлік Кравцова көшесіндегі аялдама маңына қалдырылған күйі табылған.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы (Автокөлікті немесе өзге де көлік құралын заңсыз иемдену (айдап әкету) мақсатынсыз иемдену) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button