Құқық

Әке жолымен

Астана қаласы Есіл аудандық полиция бөлімінің тергеушісі, 

полиция аға лейтенанты Нұрлан АХМЕТ:

«Мен ішкі істер органдарындағы қызметімді әкемнің жолымен, алдымен курсант болып бастадым. Орта мектепті бітіргеннен кейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволық жоғары оқу орнына түсіп, онда 4 жыл білім алдым.

Меніңше, біздің  қызметіміздегі ең басты нәрсе – қиын жағдайларда көмек сұраған қала тұрғындарының шынайы алғысы. Ол үшін полиция қызметкерінің ой-өрісі өткір, тапқыр­лығы жоғары, қызмет барысында кездесетін барлық қиындықтарға төзімді болуы керек.

Әкем маған полиция қызметкері болу жай жұмыс емес, өмір салты екенін үнемі айтып отыратын. Мамандығымыздағы ең бастысы – адалдық, шынайы берілгендік, адамдарға көмектесуге деген құлшыныс екенін үйретті.

Әкемнің даналығы мен өсиеттері өмірімдегі басты бағдар болды. Мен әкемнің полиция қызметкері болғанын әрқашан мақтан тұтатынмын. Ол – мен үшін әділдік пен адалдықтың тамаша үлгісі.

Әкем Ахметов Берік Құшқарұлы саналы ғұмырын құқық тәртібін сақтауға арнады» дейді ол.

Әкесі ішкі істер органдарында 25 жылдан астам еңбек етіп, көптеген медальдармен, мақтау қағаздарымен марапатталған. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің анықтау­шыдан қылмыстық іздестіру бөлімінің бастығына дейін түрлі қызметтерді атқарған. Отаны мен қоғам игілігі үшін адал қызмет етіп, полиция подполковнигі шенімен зейнеткерлікке шықты. Әкем бастаған үлкен қызметті жалғастырып, әулеттің өкілі болғанымды мақтан етемін.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button