Ел тынысы

«Әлем әйелдермен әсем» – Байқоңыр ауданында мереке ерекше аталып өтті



Бүгін Астана қаласының Байқоңыр ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай «Әлем әйелдермен әсем» атты мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz. 

Мерекелік салтанатты жиынның мақсаты – елорданың дамуы мен гүлденуі жолында әр салада табанды еңбек етіп келе жатқан әйелдер қауымын мерекемен құттықтау. Іс-шараға эстрада әншілері, қоғам қайреткерлері, елорданың дамуына атсалысып жүрген әр саладағы әйел қызметкерлер,  ауданның көп балалы аналары және белсенділері қатысты.

Іс-шара барысында ауданның белсенді тұрғындары, құқық қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, коммуналдық қызмет, тұрғын-үй, мәдениет салаларында табанды еңбек етіп келе жатқан 300-ге жуық аруларымыз Байқоңыр ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, ауданда тұратын алтын құрсақты, көпбалалы аналарға «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанатты түрде табысталды. Мерекелік жиынға ҚР еңбек сіңірген әртістері, қоғам қайраткерлері қатысып, эстрада жұлдыздары әсем әндерімен әйелдер қауымын құттықтады.

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button