Ел тынысы

Әлем кубогының жеңімпазы атанды

Ұлттық құрама спортшысы, астаналық Эдуард Ким Канаданың Маркем қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогының кезеңінде алтын жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Елордалық спортшы техникалық бағдарламада 204.3900 ұпай жинап, тағы да үздік екенін көрсетті. Бұл – Эдуардтың әлем кубогында жекелей сында алған алғашқы алтын медалі.

Күміс медальді италиялық Филипо Пелати (198.1749), қола жүлденіы америкалық Кеннет Гаудет (180.3716) еншіледі.

Ол осыған дейін былтыр Испания мен Франциядағы кезеңде күміс медаль, ал дәл Маркемдегі сайыста күміс (техникалық) пен қола (еркін бағдарлама) жүлдеге қол жеткізген болатын.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button