Ел тынысы

Әлем назары – Еуропа додасында

Германияда басталған Еуропа чемпионатында бірінші турдың ойындары өтіп жатыр.

Еуропаның 24 ұлттық құрамасы сынға түсіп жатқан байрақты бәсекеде алдын ала үздік деп танылған командалар жеңіске жетті. Мәселен, чемпионаттың шымылдық ашар ойынында Германия құрамасы Шотландия командасын 5:1 есебімен жеңсе, Швейцария Венгрия құрамасын 3:1 есебімен тізе бүктірді. Ең тартысты ойынның бірі Испания мен Хорватия арасында болады деген болжам ақталмады. Испандықтар қарсыласының қақпасына жауапсыз 3 доп соғып, хорваттарды жерге қаратты. Осындай күтпеген жағдай Румыния-­Украина кездесуінде орын алды. Бұл ойында румындар 3 гол соғып, украиндықтардың сағын сындырды. Күтпеген жерден Словакия құрамасы Бельгияны 1:0 есебімен ұтып кетті. Сондай-ақ бірінші турда Португалия Чехияны, Түркия Грузияны, Франция Австрияны, Голландия Польшаны, Италия Албанияны ұтты.

Кеше екінші турдың ойындары басталды. Ендігі ойындар тіптен қызық болатыны сөзсіз. Өйткені ұпайсыз қалған командалар барын салатыны анық.

Бәсекеге түскен 24 команда 6 топқа бөлінген, әр топтан бірінші және екінші орын алған 12 команда ширек финалға шығады. Оларға үздік ұпаймен үшінші орын алған төрт команда қосылады. Демек, Германия алаңдарындағы әрбір ойын тартысты болмақ.

Тағыда

Ғалым Қожабеков

«Астана ақшамы» газеті бас редакторының орынбасары

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button