Ел тынысы

Әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары ашылады



Орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстел барысында Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері еліміз үшін балалардың психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қаншалықты маңызды екенін атап көрсетті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Жиын барысында әр аймақта балаларды психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері ашылатыны айтылды. Қазіргі уақытта Өңірлік психологиялық қолдау орталықтарын дамыту және трансформациялау бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілуде. Бүгінде Астана және Алматы қалаларында, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарында 9 психологиялық қолдау орталықтары мен бөлімшелері жұмыс істейді. Бұл бастама барлық ел аумағында жалғасын табатын болады. Аталған іс-шаралар кешені өңірлерде психологиялық қолдау қызметтерін институционалды күшейтуге бағытталған. Ол өз кезегінде Қазақстанда балалардың психологиялық қауіпсіздігінің деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button