Ел тынысы

Әскери борышын өтеушілер несие төлеуден босатылуы мүмкін

Әскери қызметшілерді борышын өтеу кезінде несие төлеуден босату жоспарланып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Қазақстанда әскери міндетін атқарып жүргендер қызметінің мерзімі мен тағы қосымша 60 күнге қарыздары мен несиелерін өтеуден босатылуы мүмкін.
Тиісті қаулы жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған, оны Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әзірледі.
Қаулы жобасының құжатындағы ақпаратқа сәйкес, «Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери қызметке шақыруды ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын бекіту туралы» үкіметтің 2012 жылғы 15 мамырдағы №620 қаулысына толықтыру енгізу жоспарланып жатыр.
Жобаға қоса берілген түсіндірме құжатына сүйенсек, аталған қаулыны қолданыстағы заңда қарастырылмаған тармақпен толықтыру ұсынылған. Яғни бұл мерзімді әскери қызметшілердің несиелері мен қарыздарына қатысты.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілердің мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімі және оны аяқтағаннан соң 60 күн қоса алынатын кезеңде банктік қарыз шарты және (немесе) микрокредит беру туралы шарт бойынша қарызы және (немесе) микрокредиті бойынша сыйақы есептелмей, негізгі борыш пен сыйақы бойынша төлемі кейінге қалдырылады», – деп жазылған қаулы жобасының түсіндірме құжатында.
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button