Ел тынысы

Әуежай іші неге ыстық?

Астана әуежайында кондиционер дұрыс істемей, ыстық буып тұр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі жағдайды түсіндірді.

Елорда әуежайы қазіргі уақытта терминалдардағы тиісті микроклиматты қамтамасыз ету, сондай-ақ бүкіл қажетті санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында әуежайда климаттық бақылау жабдықтары жүйесін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Айтуларынша, ғимараттарды салқындату жабдығының жоғары жүктемесіне байланысты салқындатқышты басқару жүйесі төменгі қуатында жұмыс істеп тұр.

Сол себепті қазіргі уақытта әуежайдағы ауа температурасын реттеу үшін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

«Біз жолаушылардан жағдайға түсіністік пен төзімділік танытуын сұраймыз. Әуежай жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін толық қамтамасыз ету үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды» дейді әуежайдың баспасөз қызметінен.

Дәл қазір Астанада термометр бағаны 20 градус жылыны көрсетіп тұр.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button