Құқық

Әулеттің мақтанышы

Егер отбасында бір мамандықты қадір тұтып, ол ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып жатса еңбек әулетіне, әулеттік қызмет жолына айналады. 

Елордалық полициядағы еңбек әулетінің өкілдерінің бірі – Астана қаласы Патрульдік полиция полкінің туристік взводында қызмет ететін полиция майоры Мақпал Төлеуғазина.

Мақпалдың әкесі полиция қызметкері, полиция полковнигі Қожахметов Төлеуғазы Омаржанұлының ішкі істер органдарында 26 жыл еңбек етіп, 2008 жылы зейнеткерлікке шыққан, бірнеше рет Ішкі істер министрлігі басшылығының Құрмет грамоталарымен және медальдарымен марапатталған.

Балалық шағын есіне  алғанды, Мақпал әкесінің үйге шаршап қайтатыны  есіне түседі. Бірақ жұмысына көңілі толатын. «Ол әрқашан қызметке берілген және ұжымның қоғамдық өміріне белсене араласатын. Анам әкемнің қамқор жары, сенімді тірегі болды» деп еске алады Мақпал. Өзін жары мен балаларына арнаған анасы Нұргүл Ахтайқызы үй шаруасына мықты болды. Үтіктелген полиция формасы Мақпал үшін балалық шақтағы жарқын естеліктердің бірі болды. Бұл оның әкесінің жақсы үлгісін қабылдап, мектеп бітіргенде дұрыс шешім қабылдауға және заң колледжіне түсуге бастады.

Мақпал орта мектепті бітіргеннен кейін 2003 жылы Павлодар заң колледжіне оқуға түсті. Құқық қорғау жүйе­сіндегі қызметін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Семей қаласы бойынша Қылмыстық іздес­тіру басқармасының ОВ-156/15 колония мекемесінің шаруа­шылық бөлімінің инженері болып бастады. Сонымен бірге Мақпал Павлодардағы гуманитарлық заң университетін бітіріп, одан кейін түрлі лауазымдарда қызмет атқарды. Ал майор шенінде Төлеуғазина полиция қызметін 2013 жылы Павлодар қаласының Жедел басқару орталығында бастады. Астана қаласында көші-қон полициясында жұмыс істегеннен кейін 2022 жылдың шілдесінде ПП полкінің туристік полиция взвод қызметінің инспекторы лауазымына тағайындалды.

Қызметкердің міндет­теріне құқық тәртібін сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті сақтау кіреді. Туристер көп баратын орындарда азаматтарға кеңес пен көмек ала алатын стационарлық пункттер бар. Мақпал ағылшын және араб тілдерін жетік меңгерген. Полиция қызметкері өзінің ресми қызметінде көп білгеннің көмегі зор.

Бірде мынадай оқиға болды. Өткен жазда Дубайдан ұшып келген Үндістан азаматы елорданың көрікті жерлерді көруді жоспарлап, қызметкерлерге өтініш айтады. Полицейлер оған астананы аралатып,  ұлттық тағамдармен дәм татуға да кеңес берді. Қызметтің сапасына риза болған саяхатшы Инстаграмда полиция қызметі туралы ризашылықпен пікір қалдырады. Бұл да – полиция қызметінің бір сәті.

Мақпалдың қызметі қауырт болса да, кафедрада өтетін байқауларға белсенді қатысып, араб тілін тереңдетіп оқып, білімін шыңдап келеді.

Тағыда

Айгүл Уайсова

Ақпарат саласының үздігі

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button