Ел тынысы

«AIALA» экофестивалі басталды

Халықаралық балаларды қорғау күнінде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында «AIALA» арт-экофестивалінің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Іс-шараның ұйымдастырушылары – Мәдениет және ақпарат министрлігі мен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ.

Балалар мен жастардың арасында экология тақырыбындағы шығармашылық бастамаларды қолдауды мақсат еткен дәстүрлі фестивальде 8, 9, 10 сынып оқушылары арасындағы республикалық байқау жеңімпаздары марапатталды. Ұйымдастырушылар байқауға барлық өңірден 250-ден астам өтініш түскенін айтады.

6 бағыт бойынша ақтық сайысқа шақырылған 36 үміткердің ішінен үздік шыққан 6 жеңімпазға «Халық» қайырымдылық қорының атынан 1 млн теңгеден сыйақы берілді.

«AIALA» арт-экофестивалі 3 күн бойы өтеді. Іс-шара аясында балаларға кескіндеме, макулатураның көмегімен өнер нысандарын құру, қаржылық сауаттылық және киіз басу сынды бағыттарда шеберлік сағаттары өткізіледі.

Экологиялық фестивальді Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының ұйымдастырғанын айта кету керек.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button