Ел тынысы

Аймақтардан келіп Ақорданы аралады

Еліміздің әр өңірінен келген 81 бала үшін «Ақорда» резиденциясында экскурсия ұйымдастырылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz
Соның ішінде су басқан аймақтардан келген оқушылар да бар.
Ақорданың кішкентай қонақтарының қатарында халықаралық және республикалық олимпиадалардың жеңімпаздары, оқу үздіктері болды.
️Аталған шара аясында балалар «Ақорда» резиденциясының орталық салтанатты холы мен ресми қабылдаулар және түрлі жиындар өткізуге арналған залдарын тамашалады. Резиденция аумағындағы бақты аралап көрді. Сондай-ақ балалар Қазақстан президентінің жұмыс тәртібімен танысты, еліміздің бас ғимараты туралы қызықты деректерден хабардар болды.
Жасөспірімдерге Мемлекет басшысының атынан естелік сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар екі күндік саяхат кезінде оқушылар Президенттік орталық, Ұлттық музей, «Нұр-Әлем» павильоны сияқты Астананың көрікті жерлерін аралады.
Сурет: https://t.me/aqorda_resmi/17449?single
Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button