Ел тынысы

Айналма жолда жөндеу жұмыстары жүруде

Р-10 «Астана айналма жолы» автожолының учаскелері 5 шілдеге дейін ішінара жабық болады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәлімет таратты.

«2024 жылғы 25 маусымнан 28 маусымға дейінгі аралықта Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 46-53 шақырымы учаскесінде жоспарланған орта жөндеу жұмыстарының басталғанын хабарлайды.

Бұл учаскеде ішінара жол қозғалысына шектеу қойылуына байланысты алдын ала айналма жолдар арқылы қозғалысты жоспарлауды ұсынамыз.

Уақытша қолайсыздықтарға түсіністік пен шыдамдылық танытуларыңызды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, бүгін «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ 18 маусым – 5 шілде аралығында Р-10 «Астана айналма жолы» автомобиль жолының 52-53 шақырымы учаскесінде жоспарланған орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button