Құқық

Алаяқ әйелді Астана соты бес жылға соттады



Алаяқ-бухгалтер казинода шамамен 400 млн. теңгеге ұтылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Соттың үкімімен Астана тұрғыны құмар ойындарға ақша жұмсау үшін алаяқтық жолға түсіп, нәтижесінде 5 жылға бас бостандығынан айырылды.  Кінәлі әйел ЖШС-ның бухгалтері бола отырып, мекеме иелеріне шет елге тиімді инвестициялар салу туралы жалған айтып, оларды алдау арқылы 385,9 млн. теңгеден астам қаражатын иемденген.

Сотталған адам ұрланған ақшаның басым бөлігін казинода ұтылған. Іс бойынша қатысқан мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Астана қаласының прокуратурасы азаматтарды ақылға шақыра отырып, теріс әрекеттерге бармау қажеттігін ескертеді.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button