Ел тынысы

Алаяқ деп танылды



«Astana Exchange» криптокомпаниясы алаяқ деп танылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана халықаралық қаржы орталығы тіркелмеген және лицензия алмаған «Astana Exchange» компаниясына қатысты ескерту жариялады.

«АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитеті (AFSA) жұртшылыққа өзін «Astana Exchange» деп атайтын және криптовалюта айырбастау қызметтерін ұсынатын компанияның алаяқ екенін ескертеді. Бұл компания қаржылық қызметтерді көрсету үшін жалған лицензияны пайдаланады. Жүргізілген талдау нәтижесінде AFSA аталған ұйымның АХҚО-да тіркелмегенін және қаржылық қызметтер көрсетуге жарамды лицензиясы жоқ екенін анықтады. Осылайша, оның қызметі АХҚО актілерінің нормаларына қайшы», – делінген хабарламада.

Осы орайда Астана халықаралық қаржы орталығы лицензия алған және тіркелген компаниялар тізімін тексеруге шақырады.

«Бұл кез келген қаржылық қызметті немесе өнімдерді пайдаланбас бұрын компанияның лицензиясының барына көз жеткізу үшін маңызды», – дейді ведомстводан.

Сондай-ақ, AFSA алаяқтыққа қатысты кез келген хабарламаға жауап бермеуге және компаниямен іскерлік қарым-қатынасқа түспеуге, сондай-ақ осы алаяқтыққа байланысты кез келген тарапқа ақша жібермеуге немесе аудармауға кеңес береді.

Егер қандай да бір хат-хабардың шынайылығына күмән болса немесе алаяқтар болуы мүмкін деп күдік туса AFSA-ға тікелей хабарласуға болады. Ол үшін Астана халықаралық қаржы орталығының ресми сайтында орналастырылған онлайн-форманы пайдалануға болады. 


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button