Ел тынысы

Алматыдағы лай көшкініне байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда



Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ақпаратқа сәйкес, Алматыдағы лай көшкіні болған жерде жерде жедел штаб құрылды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz  Алматы қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта жеке тұрғын үйді лайдан тазарту және адамдарды іздеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 182 маман мен 32 техника жұмылдырылды. Жедел медициналық жәрдем бригадалары жұмыс істеуде. Туыстары мен көршілеріне шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.

Алматы қаласы ТЖД және республикалық жедел-құтқару жасағының күштерімен топырақтың лайлануына байланысты техногендік сипаттағы лай көшкіні ғимаратты зақымдаған. Соның салдарынан алдын ала қаза тапқан ер адамның денесі табылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button