Елорда тынысы

«Алтын тұғыр» сыйлығын тапсырды



Астанада ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының ұйымдастыруымен «Алтын тұғыр» жүлдесінің он жылдық мерейтойы аясында ұлттық спорт түрлері бойынша үздік спортшылар мен жаттықтырушылар марапатталды.

Жиынға Парламент Мә­жілісінің Төрағасы Ерлан ­Қошанов, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Исламбек Салжанов, сондай-ақ ҚР Парламентінің депутаттары мен қоғам қайраткерлері қатысты. Салтанатты кешке Қазақстанның барлық аймақтарынан спорт федерацияларының басшылары, спортшылар, жаттықтырушылар мен ұлттық спорт жанкүйерлері де жиналды. Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма теа­трында өткен салтанатта Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау сөзін Парламент Мәжілісінің Төрағасы, Amanat партиясының жетекшісі Ерлан Қошанов оқыды. Қауымдастық президенті Исламбек Салжанов жүлде иегерлерін құттықтап, ел тұрғындары арасында ұлттық спорт түрлерінің танымалдылығы артып келе жатқанын атап өтті. «2024 жылы біз барша қазақстандықтарды салт-дәстүріміз бен мәдениетімізге деген құрметпен бірге ұлттық спорт түрлерімен белсенді айналысуға шақырамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстанда ұлттық спорттың жүйелі дамуын қолдайды. Президент бастамасымен келесі жылы Астанада 5-Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Осындай іс-шаралардың арқасында елімізде ұлттық спортпен шұғылданатын қазақстандықтардың саны жыл сайын артып келеді. Біздің қауымдастық өз тарапымыз­дан ұлттық спорт түрлерін дамытып, кеңінен насихаттау­ды жалғастыра береді» деді И.Салжанов. 2023 жылы он номинация бойынша «Алтын тұғыр» сыйлығының иегерлері анықталды.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button