UncategorizedЕл тынысы

АЛЖИР мұражайына саяхат

Бас прокуратура Қазақстан прокурорларының қауымдастығымен бірлесіп Ақмола облысының Ақмол ауылында орналасқан «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалдық-мұражай кешенінде прокуратура қызметкерлерімен олардың балаларына экскурсия ұйымдастырды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Танымдық экскурсия аясында балалар біздің еліміздің тарихындағы адамдардың тағдырымен қайғылы кезеңнің ауыр оқиғалары туралы бірқатар ақпарат алды, қуғын-сүргін кезеңінің құжаттарымен және экспонаттарымен танысты, тарихи деректі фильмді көрді.

Өткізілген іс-шара «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес өскелең ұрпақты патриоттық пен адамгершілікке тәрбиелеуге, тарих ескерткіштері мен мәдени құндылықтарға ұқыпты қарауға, Қазақстан халқының тарихи-мәдени мұрасын насихаттауға бағытталған.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button