Ел тынысы

АӨСШК Арнайы жұмыс тобының отырысы өтті

Астана қаласында Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Талғат Қалиевтің төрағалығымен онлайн форматта Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) Арнайы жұмыс тобының (АЖТ) отырысы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Отырыс барысында қатысушылар АӨСШК Экология мәселелері жөніндегі министрлік конференциясының қорытынды құжат жобасын, Талдау орталықтары форумының іс-шаралар жоспарын,  сондай-ақ 2024-2025 жылдарға арналған «АКТ пайдалану қауіпсіздігі мен АКТ қауіпсіздігі» басым саласының тұжырымдамасын қарастырды.

Сонымен қатар, іс-шара барысында мүше мемлекеттер АӨСШК мен Еуразиялық экономикалық комиссиясы арасындағы бірлескен іс-шаралар жоспарын, Азия мен Тынық мұхитқа арналған Экономикалық және әлеуметтік комиссиямен (АТМЭӘК) ынтымақтастық туралы меморандумның жобасын, сондай-ақ БҰҰ Терроризмге қарсы басқармасымен ынтымақтастық орнату перспективаларын талқылады.

Кездесудің қорытындысы бойынша АӨСШК Аға лауазымды тұлғалар комитетіне (АЛТК) 27 маусымда Астанада өтетін кезекті АЛТК отырысында аталған мәселелер бойынша шешім қабылдауға ұсыныс жасалды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button