Мәдениет

Ақынды еске алды



Ұлттық академиялық кітапханада күрескер ақын Арман Қанидың 70 жылдығына арналған әдеби кеш өтіп, оған Ертіс-Баян өңірінің бір топ зиялылары арнайы келді. Тіпті Павлодардан рухани көш керуен келгендей сезіндік.

Павлодар облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Мәдет Тауасқан ұлтқа ортақ тұлғалар болатынын, Арман Қани сондай азамат екенін атады. 2024 жылы Павлодар өңірінде 30-ға жуық республикалық деңгейдегі рухани-мәдени іс-шаралар өтетінін, әсіресе тарихи тұлғалардың мерейтойларын жоғары деңгейде өткізуге мән беретіндіктерін атады.

Әдеби кеш аясында Арман Қанидың «Таңдамалы» жырларының тұсаукесері өтіп, онда Мәжіліс депутаттары Жанарбек Әшімжан, Жақынбек Амантайұлы, Мемлекеттік сыйлықтың иегерлері Ғалым Жайлыбай, Серік Ақсұңқарұлы естелік айтып, күрескер ақынның атажұрты Мәдиге, нағашы жұрты Жаяу Мұсаға келіп тірелетін сөз етті. Әрі Арман Қани өмірден тектіліктің туын шықпай өтіп, қашанда ой қуатымен ерекшеленіп, атқарушы билікке өткір сөзін айтудан тайынған емес.

Арман Қанидың бейнесі мен бірегей болмысын жырға қосқан ақындар «Толқын-толқын жыр туар бізден кейін» атты республикалық жыр мүшәйрасына қатысты. Өлең жарысында дараланғандар әдеби кеште марапатталды.

– Арман ағамыздың өзі арамызда болмаса да бірде қызыл жалын боп лапылдайтын, бірде ақ түтек боран боп соғатын жырлары жадымызда мәңгі жасайды. Тұтастай Ертіс-Баян өңірі жоқтатпайды. Күрескер ақын Арман Қанидың шығармашылық өмірі іздеушілері барда жасай береді, – деді павлодарлық қаламгер Жұмабек Сманов.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button