Мәдениет

Арнайы көрсетілімге шақырады



Бүгін Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма ­театрында сағат 19:00-де көрнекті мемлекет қайраткері, ақын, жазушы, драматург, композитор Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына орай «Сәкен-сұңқар» спектаклінің арнайы көрсетілімі өтеді. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Пьеса авторы – Қанат Жүнісов.

Аталмыш туынды көрермен назарына 2014 жылдан бастап ұсынылып келеді. Тағдыры тар жол, тайғақ кешумен өткен қайраткер халқының келешегі жарқын, нұрлы болуын армандап, азат, еркін өмір сүруі үшін күресті. Алайда идеологиялық майдандағы тартыс барысында өзі құрған өкімет Сейфуллинді аямады. Қойылым ел құрметіне ие болған сырбаз Сәкеннің ғұмыр жолынан, ғибратты өмірінен сыр шертеді.

Сәкен рөлін актер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сырым Қашқабаев сомдайды. Сонымен қатар спектакльге Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Болат Ыбыраев, Алтынай Нөгербек, Жанқалдыбек Төленбаев, Боранбай Молдабаев, актер Самат Байыров, Жанат Оспанов, Жәнібек Мұсаев, Шах-Мұрат Ордабаев қатысады.


Тағыда

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button