Мәдениет

Арқаның ән-күйлері әуеледі

Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымы Біржан салдың 190 жылдығына арналған «Арқаның ән-күй мұрасы» атты дәстүрлі өнер кешін өткізді.

Аталмыш концерт халық композиторы, Біржан салдың шығармашылығы мен өнерін өскелең ұрпаққа насихаттауға бағытталған. Арқа өңірінің ән-күй мектебі оның есімімен тығыз байланысты.

Рухани кешке Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Жанғали Жүзбай, Ерлан Рысқали, Медет Салықов, Клара Төленбаева, Құмарбек Қалқатай, Раушан Оразбай, Айзат Қарабек, Мәдениет қайраткері Толғанбай Сембаев, Мәдениет саласының үздіктері Перизат Тұрарова, Қайрат Айтбаев, әлем халық билерін билейтін «Birlik» ансамблінің көркемдік жетекшісі Әнел Марабаева, еліміздің абыройын халықаралық ареналарда асқақтатып жүрген Бауыржан Мұхаметбай, Ақерке Тәжібаева, Венера Табыс, Асқар Мұқият, Біржан Айтахметов, Дария Бекпенбетова және «Бірлік» би ансамблі өнер көрсетті.

 

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button