Ел тынысы

Аспаздардың маникюрі үшін айыппұл салынды



Астанада мектептерге азық-түлік жеткізушілерге ірі көлемде айыппұл салынды, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Кәсіпкерлер санитар дәрігерлердің уәжімен келіспейді. Айтуларынша, оларға шұжықтың қасындағы қияр үшін, маникюрі бар аспаздар үшін айыппұл салынған. Бұл ретте айыппұл сомасы 1,3 миллион теңгеге дейін жетіп отыр. Бұған ашуланған кәсіпкерлер әділдік талап етті.

«Аспаздың қолғап кигеніне қарамастан неге біздің кәсіпкерлерге айыппұл салынып жатыр? Тамақтардың мерзімі өтпеген. Біз Астана қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті заңды түрде әрекет етпеді деп есептейміз», – дейді Қазақстан Республикасы бөлшек сауда және қоғамдық тамақтандыру қауымдастығының өкілі Марина Лаптева.

Астаналық мектептерге азық-түлік жеткізіп отырған кәсіпкерлер республикалық кәсіпкерлікті қорғау палатасының кеңсесіне жиналды.

Олар аспаздар жасаған заңбұзушылықтар үшін аспаздың өзіне айыппұл салу керектігін алға тартады. Санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтамағаны үшін білім беру мекемелерінің әкімшілігі жауапкершілікке тартылуы керек дейді кәсіпкерлер.

Елордалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдері бұған қатысты жауап берді. Олардың пікірінше, заңда керісінше жазылған.

«27-бапта кәсіпкерлік субъектісі өз қызметкері тарапынан жіберілген бұзушылықтар үшін санитарлық нормалардың талаптарын тиісті түрде орындауға міндетті деп нақты көрсетілген», – деді Астана қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Сархат Бейсенова.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button