Ел тынысы

Астана әкімдігі 2-4 шілде күндері қашықтан жұмыс істеу форматын ұсынды

Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады. Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді.

Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button