Ел тынысы

Астана әуежайында әуе рейстері кейінге қалып жатыр



«Бүгінге жоспарланған 72 рейстің 7 ұшу және 8 ұшып келу рейсі тоқтатылып тасталды. Одан бөлек, ұшуға 6 рейс, ал ұшып келуге 12 рейс кешіктіріліп жатыр». Бұл туралы Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Мұның барлығы қолайсыз метеожағдайлармен және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылданып жатқан шаралармен байланысты.

Қазір аэродромды қалың қардан тазарту жұмыстары үздіксіз жүріп жатыр. Алдын ала хабарланғандай елорда әуежайы маңында 19 м/с жылдамдықпен қатты жел соғып тұр, екпіндеген кезде оның қарқыны 23 м/с дейін барып тұр.

Мұндай ауа-райы ұшақтардың ұшу-қону кезінде қиындықтар тудыруы мүмкін, сондықтан авиакомпаниялар жолаушылар мен экипаждардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін рейстерді тоқтата тұру немесе кешіктіру шараларын қабылдауда.

Естеріңізде болса, бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты Ақтөбе әуежайында да ұшу-қону рейстері кейінге шегерілуде екені хабарланған болатын. Ол жақта 02.07.2024 жылғы FlyArystan KS7191/7192 Алматы – Ақтөбе – Алматы; Air Astana KC965/966 Астана – Ақтөбе – Астана; FlyArystan KS7391/7392 Астана – Ақтөбе – Астана; FlyArystan KS7778/7777 Ақтау – Ақтөбе – Ақтау рейстері тоқтатылып тасталса, бүгін бірқатар рейстер кейінге қалдырылды. Олар – Qazaq Air IQ399/395 Астана – Ақтөбе – Атырау; Air Astana KC863/864 Алматы – Ақтөбе – Алматы; Qazaq Air IQ396/400 Атырау – Ақтөбе – Астана. SCAT DV721/722 Астана – Ақтөбе – Астана;  SCAT DV711/712 Алматы – Ақтөбе – Алматы.

фото https://www.nn-airport.kz/


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button