Ел тынысы

Астана-Джакарта: ынтымақтастық нығаюда



Қазақстан Елшісі Сержан Әбдікәрімов Индонезия СІМ Азия-Тынық мұхиты және Африка істері жөніндегі Бас директоры Абдул Кадир Джайланимен кездесу өткізді. Кездесу барысында дипломаттар екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастардың жай-күйі мен перспективаларын талқылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Тараптар сімаралық саяси консультацияларды өткізудің жоспарлары мен мерзімдерін, Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі екіжақты үкіметаралық комиссияның алдағы отырысының мазмұнды мәселелерін, сауда-өнеркәсіп палаталар мен іскерлік топтар арасындағы өзара іс-қимылдың нақты салаларын, сондай-ақ Қазақстан мен Индонезия арасындағы шарттық-құқықтық базаны нығайту жолдарын келісті.

Сұхбат барысында тараптар көпжақты байланыстарды дамыту мәселелерін және мәдени-гуманитарлық салада жоспарланған іс-шараларды қарастырды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button