Ел тынысы

Астана мен Алматыда аптап болады

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматыда ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

26 маусымда елордада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 30-32 градус ыстық.

27 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 33-35 градус ыстық.

28 маусымда көшпелі бұлт шығады, жаңбыр жауады, күн күркірейді, күндіз бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 9-14, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 19-21 градус жылы, күндіз 34-36 градус ыстық.

Алматыға арналған болжам

26 маусымда мегаполисте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Жел секундына 0-5 метр. Ауа температурасы түнде 20-22, күндіз 33-35 градус ыстық.

27-28 маусымда көшпелі бұлт шығады, өткінші жаңбыр жауады, күндіз найзағай ойнайды. Жел 3-8, екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 35-37 градус ыстық.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button