UncategorizedЕл тынысы

Астана полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті

Астана полициясы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына көшті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ, Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитін өткізу кезеңінде құқық бұзушылықтардың алдын-алу және жолын кесу мақсатында полицияның жеке құрамы қызмет өткерудің күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Көшелерде және мәдени-бұқаралық іс-шаралар өткізілетін орындарда қосымша қауіпсіздік шаралары қабылданды.

Жасақтар саны ұлғайтылды, бейнебақылау камераларын пайдалану арқылы визуалды бақылау күшейтілді.

Қалаға кіре берісте «Рубеж» полициясының стационарлық бекеттері жұмыс істейді, онда құжаттар және автомобильдер тыйым салынған заттардың бар-жоғына тексеріледі.

Автожолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Делегациялардың арнайы колонналары өту кезінде елорданың сол жақ жағалауындағы магистральдық көшелердегі қозғалыс уақытша шектелетін болады.

Сонымен қатар, азаматтардың қалаға кіруі мен шығуы бойынша қандай да бір шектеулер қарастырылмаған.

Астана полиция департаменті елорда тұрғындары мен қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданатын шараларға түсіністік танытуға шақырады.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button