Ел тынысы

Астана прокурорлары шетелдік инвесторға көмектесті



Synosure компаниясы Катардың инвесторы «Еlegancia Healthcare W.L.L.» бірлесіп елорда аумағында инвестициялық жоба – медициналық хаб құрылысын іске асыруды жоспарлап отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Бұл жобаға салынатын инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 90 млрд теңгені құрайды, оны іске асыру 350-ден астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Алайда, үшінші тұлғалар арасындағы сот дауларына байланысты инвестор 2 жыл бойы жер учаскесінің нақты жоспарын өзгерту мәселесін шеше алмаған.

Прокуратура органдарының көмегімен осы мәселе шешіліп, жобаны іске асыру жалғастырылды.

Инвесторлар туындаған мәселелер бойынша бизнес пен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топтың 8-747-216-15-58 телефоны арқылы жүгіне алатынын еске саламыз.


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button