Ел тынысы

Астана қаласында меморандумға қол қойды



Қазақстандық стипендиаттар әлемнің жетекші медициналық университеттерінің бірінде оқу және зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін бірегей мүмкіндіктер алып отыр, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Болашақ» президенттік стипендиясының және 500 ғалымның ғылыми тағылымдамадан өтуінің әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Нидерландыдағы Эразмус университетінің жетекші медициналық орталығы Erasmus MC-пен ынтымақтастық туралы меморандумға отырды.

Құжатқа қол қою рәсімі Астана қаласында Нидерланды Корольдігінің Қазақстандағы Елшілігі мен «KAZAKH INVEST» ҰК АҚ қолдауымен өтті.

Меморандум аясында қазақстандықтар «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан өте алады және Erasmus MC-те «Болашақ» бағдарламасы бойынша академиялық білім ала алады.

«Біз Erasmus MC сияқты беделді оқу орнымен серіктестік туралы хабарлауға қуаныштымыз. Бұл ынтымақтастық біздің стипендиаттарымызға әлемнің жетекші медициналық университеттерінің бірінде оқыту және зерттеу үшін бірегей мүмкіндіктер береді. Эразмус MC өкілдері «Болашақ» бойынша, «500 ғалым» ғылыми тағылымдамадан және докторантурадан өтуге ниет білдірген үміткерлерге шақыру алуға көмектесуге дайын екендіктерін білдірді», – деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басқарма төрағасының м.а. А.Ашкин.

Сондай-ақ Erasmus MC қазақстандықтарға медициналық орталықтағы жатақханадан орын береді және ағылшын тілінде оқытуды ұйымдастыруға көмектеседі.

«Біздің серіктестігіміз өзара тиімділік әкеледі және денсаулық сақтау саласындағы білім мен ғылымның инновациялық даму мүмкіндігін нығайтады деп үміттенеміз», – деді Erasmus MC өкілі Руслан Мамедов.

Erasmus MC – Нидерландының Роттердам қаласында орналасқан жетекші университеттік медициналық орталық. Медициналық орталық әр түрлі клиникалық зерттеулер бойынша үздік халықаралық ұйымдардың рейтингінде, сондай – ақ орталықтың клиникаға дейінгі, клиникалық медицина және денсаулық ғылымдары саласындағы зерттеу жұмыстарының әсер ету индексі үздіктердің бірі болып табылады және 2,55 құрайды (мысалы, Гарвард университетінде бұл көрсеткіш-2,37). Жүргізіліп жатқан зерттеулердің жалпы мақсаты ғылыми жаңалықтарды клиникалық практикаға енгізуге бағытталған және клиникаға дейінгі, клиникалық және медициналық ғылымдардағы зерттеулердің барлық салаларын қамтиды.




Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button