Ел тынысы

«ASTANA TRIATHLON»

Елордадағы триатлон паркінде биылғы жылдың ең көптен күткен жарысы – «ASTANA TRIATHLON» спорттық іс-шарасы өтті, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Жарысқа 200-ге жуық әуесқой спортшы қатысы. Олардың қатарында Дастан Ордабай, Әмір Алпамыс және Азамат Әшірбай сынды елордалық аутизмі бар спортшылар алғаш рет бой көрсетті.

Ұйымдастырушылардың пікірінше, Астанадағы жарысқа тек қала тұрғындары ғана емес, Қазақстанның түкпір-түкпірінен арнайы келетіндердің қатары көп.

«Бұл жарыс биылғы көптен күткен іс-шара десем де болады. Бұл жарысқа тек елордалық тұрғындар ғана емес Павлодар, Қарағанды, Көкшетау сынды қалалардан келген әуесқой спортшылар да қатысуда. Сондай-ақ Орталық Азия бойынша алғаш рет біздің қазақстандық пара спортшылар қатысып отыр. Олар үшін бұл жарысқа қатысудың өзі жеңіспен пара-пар. Осындай ерекше қажеттіліктері бар спортшыларымызға қарап, елордада пара спортымыз соңғы жылдары жақсы дамып келе жатқаның аңғаруға болады» – деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Исламбек Байманов.

Жарыс барысында қатысушылар 3 спорт түрінен екі қашықтықта яғни, спринт және олимпиадалық қашықтық бойынша сынға түсті.

Жарыс соңында әр жас тобындағы триатлон жеңімпаздары дипломдармен, медальдармен марапатталды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button