Ел тынысы

«Астана жұлдызы» айналма жолына дейінгі учаске жабылады

Қабанбай батыр даңғылындағы Хусейн Бен Талал көшесінен «Астана жұлдызы» айналма жолына дейінгі учаске ішінара жабылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласы Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Қабанбай батыр даңғылы бойындағы осы телімде жол төсемін орташа жөндеу жұмыстарын жүргізетінін мәлімдеді.

Осыған байланысты, осы жылдың 5 маусымы сағат 21:00-ден бастап 6 маусымы сағат 21:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске ішінара жабылады. Бұл ретте қозғалыс екі бағытта да тараптардың бірі бойынша жүзеге асырылатын болады.

Сонымен қатар осы жылдың 6 маусымы сағат 21:00-ден бастап 9 маусым сағат 6:00-ге дейін жоғарыда аталған учаске толық жабылады.

Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды жол-құрылыс жұмыстары жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұрайды.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button