Ел тынысы

Астанада алғаш рет «Білім жұлдызы» жастар форумы өтеді



Ертең Астанада «Dauletten» қайырымдылық қоры  «Білімнің жұлдызы» I Республикалық форумын ұйымдастырады. Форумға еліміздің әр өңірінен жүзден жүйрік шыққан «Білімнің жұлдызы»  шәкіртақысының жеңімпаздары жиналады. Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары мен министрлер, қоғам белсенділері қатысады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

«Білімнің жұлдызы» шәкіртақысы – «Dauletten» қайырымдылық қорының бастамасымен биыл үшінші мәрте тағайындалмақ. Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.

Биыл Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 200 студент 100 000 теңге көлеміндегі бір реттік ақшалай сыйақыға ие болмақ. Іріктеуге әр өңірден 987 өтінім келіп түсті. Шәкіртақы иегерлерінің 188-і ЖОО студенттері болса, қалған 12 жеңімпаз колледж студенті. Шәкіртақыны тағайындау жыл сайын қор қамқоршылық кеңесінің шешімімен жүзеге асырылады. Жеңімпаздар ашық байқау негізінде бірнеше кезеңдер арқылы іріктелді. Байқау жылына бір рет, оқу жылының аяғында өткізіледі.           


Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button