Ел тынысы

Астанада алғашқы MORRIS GARAGES дилерлік орталығы ашылады

Астанада алғашқы MORRIS GARAGES дилерлік орталығы ашылады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

29 маусымда Астана қаласында алғашқы Auto Trader дилерлік орталықтың салтанатты ашылуы өтеді. Шарада әйгілі британдық MORRIS GARAGES бренді көрсетіледі.

MORRIS GARAGES (MG) – бірегей спорттық автомобильдер шығарумен танымал болған 100 жылдық бірегей тарихы бар британдық бренд. Ұлыбритания елінің автомобиль өнеркәсібінің пайда болуынан бастап, бұл күнге дейін MG жүргізушілерге сенімділік пен жайлылықтың үйлесімін ұсына отырып, өзінің британдық рухын сақтап қалды.

Ағымдағы жылдың мамыр айында MG Қазақстан нарығына қайта оралатынын ресми түрде жариялады. Біздің елдегі MG компаниясының дилері – Алматыда ашылған Genertec Vehicles Kazakhstan компаниясы. Астанада 29 маусымнан бастап Auto Trader салонында британдық брендтің көліктері таныстырылады.

«Біз Астанада MORRIS GARAGES-ті ұсынуға қуаныштымыз. Осы атақты автомобиль брендінің үлгілері еуропалық сапа, жайлылық, стиль және сенімділікті білушілер арасында өз жанкүйерлерін табатынына сенімдіміз. Бүгіннің өзінде Астана тұрғындары мен қонақтары әлемдік бестселлер MG5 жаңа седандарын 7 990 000 теңгеден сатып ала алады. MG6 және ZS жақында сатылымға шығады. Ал жыл соңына дейін желі MG7, MG HS және RX5 үлгілерімен толықтырылады», – дейді Auto Trader директоры Виталий Малинкин.

Дилердің ресми ашылуы шарасының бағдарламасы:

– DC және жаңа MG автомобильдерінің ресми тұсаукесері;

– ойын-сауық;

– фуршеет;

– MG автомобильдерінің сатып алушылары үшін бағалы сыйлықтар ұтысы.

Шараның басталуы: сағат 16:30-да (29 маусым).

Мекен-жайы: Тілендиев даңғылы 347 (Auto Trader автосалоны)

Еске салсақ, жақын арада Шымкент, Қостанай және Түркістан қалаларында да MG Kazakhstan дилерлік орталықтары ашылады. Ал жыл соңына дейін еліміздің тағы 10 қаласында орталық ашу жоспарда бар.

Анықтама:

MG – 1924 жылы құрылған британдық бренд. Ол бірегей спорттық көліктер шығарумен танымал болды. 2007 жылы бренд ірі қытайлық SAIC корпорациясының құрамына кірді. SAIC Motor Corporation Қытайдағы ең ірі автомобиль өндірушісі және экспорттаушысы. Бұл Қытайдағы барлық автокөлік сатылымының төрттен бірін және қытайлық автомобиль экспортының шамамен бірдей үлесін құрайды. Жақында бұл брендтің автомобильдері әлемдік автомобиль брендіне айналды және бүкіл әлемде кең тарады. 2023 жылы MG маркалы автокөліктердің әлемдік сатылымы 840 мың дананы құрады.

 Auto Trader – бұл электрмен жүретін көліктер мен пайдаланылған автокөліктерге арналған сауда орталықтарының ұлттық желісі. Бұл орталықта сатып алушыларға несие алу мүмкіндігімен ескі автокөлікті сату, сатып алу немесе айырбастау бойынша қызметтер кешені ұсынылады. Auto Trader қазақстандық нарықта қайта пайда болған әйгілі MG брендінің автокөліктерін алғаш рет өз тұтынушыларына сатылымға ұсынбақ.

Тағыда

admin

«Астана ақшамы» газеті

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button